28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі.
Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды.
Бүгін «Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасының эфирінде арна журналистері Үмбетәлі Меймеш пен Қайрат Айдашев қонақта болды. Олар күнделікті ақпарат майданындағы қыруар жұмыстың қыр-сырын бөлісіп, азаматтық журналистика мен кәсіби журналистиканың айырмашылығын, өзіндік ерекшелігін айтып, әріптестерді төл мерекемен құттықтады.